Әлжанова Ә .
Әуезханова А.
Бейсен Д.
Жартын Н.
Құмырзақ А Мұқашева А.
Найзабекова Г.
Сармурзин Е.
Сембаева И.
Стамбекова Г.
Тиштықбаева Ж.
Тойымбекова А.
Түсіпбекова Н.
Шакенова А.
Шактаева Ж.
     

 

Басты бет
Ақпарат
Халық ақындары
Аңыздар
Ақындар
Жазушылар
"Жыр жауһар" клубы
Байланыс

Әлжанова Әйгерім Ғазизқызы 1989 жылдың 21 қараша жұлдызында Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданының Бұқар Жырау ауылында дүниеге келген. Ең алғаш мектеп табалдырығын Жамбыл облысының Шу ауданындағы Ораз Жандосов атындағы орта мектебінен атады. Әйгерім аталмыш мектептің 11 жылдығын ойдағыдай аяқтайды. Әйгерім мектеп қабырғасында жүріп, мерекелік іс - шараларға белсене қатысады.
Алтын ұя мектебінде оқып жүріп, Әйгерім «Мектеп Президенті» қызметін атқарып, «Мектептің үздік оқушысы» деген атағын алады. Қазіргі таңда Е.А.Бөкетов атыдағы ҚарМУ- нің колледжінің құқықтану факультетінің 1 курс студенті.
Сонымен қатар көптеген аудандық, мектепаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға иеленіп жүр:
Аудандық Абай- Шәкәрім оқуларында «Жас ақын» байқауында жүлделі 1 орын иеленді.
«Ер есімі ел есінде» атты мәнерлеп оқу байқауында 1 орын;
Әйгерімнің бойында өлең жазу өнерімен қоса, сурет салу өнері де бар.
2006 жылы Аудандық «Экология ел тағдыры» атты аудандық суретшілер байқауында жүлделі 2-ші орынға ие болды.   
ҚарМУ – нің колледжінде өткен «Жас талап 2007» атты ақындар байқауында 2 ші орынды жеңіп алды.

Өлеңдері «Балдәурен» газетінде «Отаншыл ардагерлер» өлеңімен, «Шу өңірі» газеті бетінде «Ұстаз» өлеңімен жарияланып жүрді.

Кері қайту


Мен Әйгерім Әуезханова Құралханқызы 1988 жылы маусым айының 15-інші жұлдызында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай кеңшарында дүниеге келдім. Мен дүниеге келген орта елден асып кеткен бай да емес, елден кейін қалып қойған кедей де емес, орта дәулетті отбасы. Алты балаға өмір сыйлаған Құралхан атты әкем (қара руынан шыққан) мен Күлжамал атты анам (майлық руынан шыққан) өті қарапайым жандар. Менің  Айдын, Шалқар, Асқар есімді үш ағам және Толқын, Гүлнұр есімді екі әпкем бар. Мен үйдің кенжесімін.
Мені 1995 жылы өз ауылымдағы орта мектепке сабаққа берді. Бірақ, мен ауылда бар болғаны бес жыл ғана оқыдым. 6-шы сыныптан бастап Балқаш қаласындағы №8 орта мектепте оқып, 11-ші сыныпты сол жерде аяқтадым. Кішкентайымнан өлең айтып, би билеуді, қара сөз оқып, өлең шығаруды ұнаттым. Алайды, әкем тартып сөзге жақын болғандықтан Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтының филология факультетіне келіп түстім. Міне, мен қазір 1 курстың студентімін.

 

Кері қайту


Мен, Бейсен  Даурен Бейсенұлы 1988 жылы 9 наурызда Монғол Халық Республикасы Баян-Өлгий аймағында дүниеге  келдім.1991 жылы  жанұям Қазақстанға көшіп келді.
1995 жылы Қарқаралы ауданының Бақты кеңшарындағы №49 мектептің табалдырығын аттадым.1998 жылы жанұям  Теміртау қаласына қарасты Ақтау кентіне көшіп келгендіктен, 1999 жылы Қарағанды қаласындағы Нығмет Нұрмақов атындағы №2 мектеп интернатына қабылданып, сол мектепті 2006 жылы тамамдап шықтым. Сол жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне қабылдандым.

 

  • Теміртау қаласында өткен «Жүрегім Қасымды қалайды» атты мәнерлеп оқу жарысының IV орын жүлдегерімін,
  • Облыстық жыр мүшайраларының әр түрлі орындағы жүлдергері,
  • Облыстық ғылыми  жобалар жарысының  I орын иегерімін
    Қазіргі таңда Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ң филология факультетінің 1-курс студентімін.

Кері қайту


Мен Жартын Нұрерке 1988-жылы 5-қарашада дүниеге келдім. 1995 жылы Абай ауданы Сарепта ауылы Дзержинск орта мектеп табалдырығын аттап, 2006 жылы осы мектепті ойдағыдай бітірдім. Мектепте оқи жүріп мәдени, қоғамдық іс-шаралар мен ауданаралық олимпиадаларға белсене ат салысып, мектебімнің атын қорғауда өз үлесімді қостым.
Алдағы мақсатым – осы ҚМББ «Болашақ» институтының филология факультетін ойдағыдай тәмамдап, елімнің ақиқат сүйген азаматшасы ретінде, өз халқыма, гүлденіп келе жатқан елімізге еңбек етіп, болашағы жарқын болсын демекпін.

 

 

 

Кері қайту


Аты-Жөні: Жұмабаева Назерке
Туған жылы:
1991.03.11
Туған жері: Қарқаралы ауданы, Борлыбұлақ ауылы
сыныбы: 10 «Б»
Оқитын мектебі:  Н.Нұрмақов атындағы №2 мамандандырылған облыстық дарынды балалар мектеп-интернаты
Жетістіктері:

  • «Еуразия Айналымы» атты Ақпараттық үшінші Жастар Форумының  дипломаты,
  • Қасым Аманжолов атындағы ІV облыстық мүшайра дипломаты, Ресейдегі Абай жылына және Қазақстандағы Пушкин  жылына арналған шығармалар конкурсының жеңімпазы, мектепішілік ғылыми жобалар байқауының  жеңімпазы.
  • Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында құрылған «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшесі
  •  

    Кері қайту


    Құмырзақ Алтынбек (Қарағанды қаласы, №2 облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернатының 10бсынып оқушысы)

    • “Айгөлектің достары-2006” фестивалі (Гран-При);
    • “Мөлдір бұлақ” журналының жас тілшісі;
    • “Дос өмірдегі тірегің” Республикалық шығармалар байқауы (3-орын, 2006);
    • Р.Шаекин атындағы “Менің Отаным-Қазақстан” шығармалар байқауы (алғыс хат, 2006);
    • обл. интелектуал ойыны (2-орын, 2007);
    • аудандық Абай оқуларының “Мен жазамын Абайға” номинациясы (3, 2, 2-орындар, 2004-2006);
    • “Айгөлек журналының” жас тілшісі (2006); Республикалық “Отан-от басынан басталады” шығармалар байқауының жүлдегері (2004);
    • Республикалық “Байлық іздеген бала атты” шығармалар байқауының бас жүлдегері (2006).

    Кері қайту


    Мен, Мұқашева Айдана Исайнқызы 1989 жылдың 31-қаңтарында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылында дүниеге келдім.
    1995 жылы Ә.Ермеков атындағы мектеп табалдырығын аттадым. Мектепте әртүрлі жарыстарға, олимпиадаларға қатысып белді бір мүшесі болдым. Аудандық жыр мүшайраларына, Абай оқуларына қатысып І, ІІ  дәрежеалі орындардың иегерімін.
    Жазған мақаклаларым, шығарған өлеңдерім аудандық «Тоқырау тыныс», облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланып жүрді. Ең алғашқы өлеңдерім (11-12 жас) «Тоқырау тынысы» газетіне жарияланып жарық көрді. Ол мына өлеңдер: «Әжеме», «Ұстазыма», «Ауылым», «Күлмеңіздер кәріге».
    Қазіргі уақытта Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтының филология факультетінің 1-курс студентімін.

     

    Кері қайту


    Мен, Найзабекова Гульзат Қаржаубайқызы, 1988 жылы ақпан айының 4-жұлдызында, Қарашатау селосы, Әйтеке би ауданы, Ақтөбе облысында дүниеге келдім.
    Мен 1995 жылғы қыркүйектің 1-інде Ақтөбе облысындағы «Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің» авторлық бағдарлама бойынша білім беретін бірінші сыныбына оқуға түсіп, 2004 жылға дейін 9-сыныбын бітірдім.
    2004 жылдан бастап Қарағанды облысына қоныс аударып, онда №57 Шығыстану мектеп-лицейінің математика пәнін тереңдетіп оқытатын 10-11 сыныбында білімімді кеңейттім. 1-інші сыныптан бастап шығарма жазу, сурет салу өнерімен шұғылдандым. Сынып ішінде белсенділік танытып, жарыстарға қатысып, түрлі наминациялы дипломдарға ие болдым. Ал 2004-інші жылдан бері өлеңдер мен поэма жазып, өзімнің өлеңдер жинағымды шығаруға дайындалып жатырмын. 2005 жылы алғаш рет Қарағанды облысының білім департаменті мен Қарағанды қаласындағы маңызды білім беретін «Болашақ» институты ұйымдастырған «ХХІ ғасырдың заңгері» атты шығармашылық конкурстан 1-орын жеңінпазы атандым. 2006 жылы осы білім ордасындағы заңгер факультетінің Ю-06-2 каз тобының студенті болып оқуға түстім. Қазіргі уақытта 1-курс студентімін.

    Кері қайту


    Орынбаева Эльмира Сайлауқызы Қарқаралы қаласы, Көктас ауылында тұрады. 1989 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген.  №4 орта мектебінде 11 сыныпты 2006 жылы аяқтады. Мектепгі «Балауса» әдеби- драма үйірмесінің жетекшісі болды. Көркемсөз оқумен шұғылданады. Аудандық, облыстық көркемсөз оқушылардың жүлдегері. Соның бірі Мұқағали Мақатаев атындағы облыстық жыр мүшайрасының Ынталандыру сыйлығының иегері. Аудандық «Жас ақындар» сайысының бас жүлдегері.
    Қазіргі таңда Қарағанды қаласындағы, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті.

     

     

     

    Кері қайту


    Ербол Сармурзин
    №18 ЖББОМ 10 «Б» сынып оқушысы
    Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында құрылған «Жыр-Жауһар» поэзия клубының мүшесі.

     

     

     

     

     

    Кері қайту


    Мен Сембаева Іңкәр Ақанқызы 1988- жылы
    5-наурызда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Абай селосында дүниеге келдім.
    1996-жылы №31 Абай атындағы орта мектеп табалдырығын аттадым.

    • 2001-жылы «Абай оқулары» атты жарыста 2-ші орынды иелендім. Аудандық олимпиадалардан жеңімпаз атанып жүрдім.  
    • 2003-жылы «Жыр жазамын өзегімнен» атты шығармалық жарыстан 2-ші орын алдым.
    • 2005-жылы мектепішілік олимпиададан 1-ші орын алдым.
    • 2006-жылы аудандық олимпиададан 1-ші орынды қазақ тілі мен әдебиетінен иелендім.
      Сол жылы №31 Абай орта мектебін жақсы бағамен аяқтап шығып, Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» институтының қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша білім алудамын.

    Кері қайту


    Мен Стамбекова Гүлнұр Данағұлқызы, 1988 жылы 4-қазанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Нүркен ауылында дүниеге келдім. Балауса балғын бал даурен шағымды осы ауылдағы «Қарлығаш» атты балабақшасында бастадым.
    1995 жылы Н.Әбдіров атындағы орта мектебнің 1-сыныбына бардым. Жылма-жыл аудандық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар иегерімін.

    • 2005 жылы аудандық олимпиададан қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орын;
    • 2005 жылы облыстық олимпиададан ІV орын ;
    • 2004 жылы облыстық “Абай оқуының” “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” атты шығармашылық бөлімі бойынша ІІІ орын;
      Мектепте “Жас тілшілер” үйірмесінің мүшесі.Әр түрлі газеттерге өлең, мақалаларым шығып тұрды.
      Қазір, Қарағанды маңызды білім беретін “Болашақ” институтының І курс студентімін.

    Кері қайту


    Тиштықбаева Жібек Макешқызы 1989 жылы ақпан айының 2 – ші жұлдызында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жарылғап батыр ауылында дүниеге келген. Ең алғаш мектеп табалдырығын ауылдағы Жүсіп Алтайбаев атындағы орта мектебін аттады. Аталмыш мектептің 11 жылдығын үздік нәтижемен аяқтайды. Жібек мектеп қабырғасында жүріп, мерекелік іс - шараларға белсене қатысады.
    Ес білгелі Жібек өтірік өлеңдер жазып, айтып жүреді екен. Есейе келе шынайы көзқараспен қарап, поэзия жолында ақындық қаламын ұштап келеді.
    Қазіргі таңда «Болашақ» университетінің филология факультетінің1 курс студенті.
    Сонымен қатар көптеген аудандық, мектепаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға иеленіп жүр:
    Аудандық «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты жыр мүшәйрасына қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді.
    Жібектің бойында өлең жазу өнерімен қоса, домбырамен ән айтып, күй тарту өнері де бар.
    Өлеңдері «Орталық Қазақстан» газетінде «Туған жер», «Желтоқсан жаңғырығы», «Ана туралы» өлеңімен, «Заман» газеті бетінде «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» өлеңімен жарияланып жүрді.
    Қазір де «Болашақ» университетінде өтетін түрлі мерекелік мәдени іс-шараларға белсене қатысады.
    Арманы, Жібектің анасындай ұлағатты ұстаз болғысы келеді.

    Кері қайту


    Мен Тойымбекова Әсел Тойымбекқызы 1988-жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы,Ақшатау ауылында тамыз айының 18-ші жұлдызында дүниеге келгенмін.Ақындықтың тізгінін тартып, қалам ұшын ептеп шиырта бастаған кезде он екі жаста едім. Содан бері көптеген мақала, өлеңдерім газет беттеріне жарияланып келеді. Соның ішінде “Орталық Қазақстан”, “Заман”, “Асыл сөз” газеттерінің беттерінде жарық көрген. Сондай-ақ “Туған жер тұғырым” атты мақалам облыстық конкурстан “Алғыс хатқа”, “Ұлы Абай рухына бағындым” атты өлеңім аудандық Абай оқуынан “Мақтау қағазға” иеленген болатын.
    Ендігіде менің арманым осы ақындық өнерімді әрмен қарай шыңдап, халықтың қалаулы, елдің елеулі мақтан тұтар ақын қызы атану. Жалпы менің ұстанар принципім :Абай атамыз айтқандай “бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен асық бол !”.

     

     

    Кері қайту


    Түсіпбекова Назерке Рымбекқызы 1990 жылдың 5 тамызында Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Ең алғаш мектеп табалдырығын Егіндібұлақ ауылының №5 мектебінде бірінші сыныпқа барды. Осы мектепте бірінші сыныптан бесінші сыныпқа дейін оқып, білім нәрін сусындады. Назерке жанұясымен Қарағанды қаласына  көшіп келгеннен  кейін, оқуын Н.Нұрмақов атындағы №2 мамандырылған облыстық  дарынды балалар мектеп- интернатында жалғастырып, ойдағыдай 9  сыныпты аяқтады. Қазіргі таңда Қарағанды гуманитарлық колледждің 1 курс  студенті.
    Назеркенің өлеңдері Қарқаралы газетінің беттерінде «Қазақстан» деген атпен жарық көрген.
    Және де Назерке колледж  қабырғасында өтетін әр - түрлі мәдени  іс- шараларға үзбей ат салысады. Аталмыш колледждегі «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» үйірмелеріне қатысады.  
    Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми- әмбебап кітапханасында құрылған «Жыр Жауһар» поэзия клубының мүшесі.

    Кері қайту


    Шайхина Гүлнұр Жетпісбайқызы 1989 жылдың 16 қазанында Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ең алғаш мектеп табалдырығын Қазыбек Нұржанов атындағы орта мектебінен аттады. Гүлнұр аталмыш мектептің 4 ші сыныбын аяқтап, отбасымен бірге Қарағанды қаласына көшіп келеді. Мектептегі оқуын №86 өнер мектебінде әрі таман жалғастырады. Осы мектепті 2007 жылы ойдағыдай тамамдайды.  Гүлнұр мектеп қабырғасында жүріп, мерекелік іс- шараларға белсене қатысады.
    Қазіргі таңда Қазақстан Ресей Университетінің экономика факультетінің бухгалтерлік есеп және аудит бөлімінің 2 курс студенті.
    Гүлнұрдың арманы білікті хореограф және дизайнер болу.
    Гүлнұрдың бойындағы өлең жазу қасиетін апасы байқаған екен. Гүлнұрдың апасының сөздері бойынша арғы атасы Мәнжіғұл батыр атасына тартқанын айтып отыр. Мәнжіғұл батыр соғысқа қатысқан. Гүлнұр арғы атасы секілді өлең жазады екен. Сонымен қатар өлеңдеріне ән шығарып, гитарада шырқауды ұнатады екен.

    Өлеңдері 3 сынып оқығанда «Балдәурен» газетінде «Әке туралы» өлеңімен жарияланып жүрді.

    Кері қайту


    Мен, Шакенова Айгерім Нұрлыбекқызы 1989 жылдың 4-сәуірінде Павлодар облысы, Лебяжі ауданы Аққу ауылында өмірге келдім. 1995 жылы Лебяжі орта мектебінің бірінші сыныбына барды. 2004 жылы тоғызыншы сыныпты аяқтап аталған жылдың күзінде Қарағанды облысы, Бұхар-жырау ауданы, Ақжар ауылындағы Сарытау орта мектебінің оныншы сыныбына ауысып, оны жақсы деген бағамен аяқтадым. 2006 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап Қарағанды маңызды білім беретін “Болашақ” институтының студенті атандым.

     

    Кері қайту


    Мен Шакітаева Жадыра Серікбекқызы 1988 жылы ақпан айының 21-ші жұлдызында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келдім. Ең алғаш 1995 жылы Ақтоғай  ауданы, Нүркен селосындағы Нүркен Әбдіров атындағы мектеп табалдырығын атындым. Онда 4-сыныпқа дейін білім алып, әрі қарай Балғаш қаласындағы №24 орта мектебінде білімді сусындаттым. Мектепте болған әртүрлі қоғамдық іс-шараларға, қалааралық олимпиадаларға белсене қатысып, облыстық жүлделі орындарға ие болып жүрдім. 2006 жылы мектепті тәмамдап, сол жылы Қарағанды қаласындағы «Болашақ» институты, филология факультетінде оқып, білімді әрі қарай ұштастырудамын.
    Алдағы мақсатым – осы оқуымды ойдағыдай аяқтап, өз мамандығымның білікті иесі болу. Сонымен қатар елімнің өркендеп өсуіне зор үлес қосу.

     

     

    Кері қайту


    © Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОҒӘК